|
08.06.2019 | 10:34
1322

Қызылордада жол апатынан 2 адам көз жұмды

Апат Сырдария ауданы аумағындағы «Қызылорда-Жалағаш» тас жолының бойында болған

Қызылордада жол апатынан 2 адам көз жұмды

Қызылорда облысында 7 маусым күні жол-көлік оқиғасынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Апат Сырдария ауданы аумағындағы «Қызылорда-Жалағаш» тас жолының бойында болған. 

«Mitsubishi Galant» маркалы автокөлік «Audi S4» маркалы автокөлікпен соқтығысып қалған. Оқиға орнында екі адам қайтыс болды. «Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. 

Онда көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет жағдайы көрсетілген. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мəн-жайлары анықталуда», деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Бұдан бұрын Қызылордада жеңіл көлік аударылып, бір адам қаза тапқанын хабарлаған едік. 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир