Ауылда белгісіз жыртқыш 30-ға жуық қойды қырып кеткен
Ашық дереккөзден
Қораны қызыл қанға бояған жыртқышты ешкім ұстай алар емес
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Атырау облысының Индер ауданындағы Елтай ауылында екі түнде белгісіз жыртқыш 30-ға жуық қойды қырып кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі halyq-uni.kz-ке сілтеме жасап.
Тұрғындар ұсақ малға ненің қырғидай тиіп жүргенін білмейді. Бірі бұл құтырған иттің ісі десе, енді бірі жыртқыш аңнан болуы мүмкін деп болжап отыр. Бірақ қораны қызыл қанға бояған жыртқышты ешкім ұстай алар емес.
«Кезекшілік ұйымдастырылып, еріктілермен ауыл айналасында үркіту жұмыстары жүргізілді. Қазір басылды ғой. Қаңғыбас ит жоқ. Бізде көбі асыранды иттер. Кейде босап кетеді, кешкілік бос жүреді. Малдарды ветеринария бөлімі мал қорығына алып кетті. Әзірге олардың тарапынан сараптама жасау жұмыстары жүргізілген жоқ», - деді ауыл әкімі Олжас Хасанов.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
25.10.2026 08:20
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
25.10.2026 10:30
Күзде қандай аурулар жиі асқынады
24.10.2026 16:47
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
24.10.2026 15:37