Сайрам ауданының орталық ауруханасына 2 адам жатқызылып, 19 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілген
Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы Машат ауылынан 4 шақырым жерде ірі жол апаты болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Жол апаты 26 тамызда сағат 05.58-де болды. "Алматы–Ташкент–Термез" республикалық маңызы бар автожолының 650 шақырымында Машат асуының маңында жолаушылар автобусы аударылып кетті.
«Алматы–Сарыағаш" бағытымен келе жатқан Yutong маркалы жолаушылар автобусының жүргізушісі рөлге ие бола алмай арыққа құлап, аударылып түскен. Автобус салонында 21 адам болған», – делінген хабарламада.
Оқиға орнына құтқарушылар мен Түлкібас АІІБ-нің жедел-тергеу тобы және Түркістан облыстық жергілікті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері көмекке жұмылдырылды.
Апат салдарынан жүргізуші мен бір жолаушы ауруханаға жатқызылды. Өзге 19 жолаушы (оның ішінде аяғы ауыр келіншек та бар) Сайрам мен Түлкібас ауданы және Шымкент қаласындағы ауруханада алғашқы медициналық көмек көрсетілді.