Қызылорда облысында қыз тұншығып жатқан інісін құтқарып қалды

Instagram/ zello.aralskk
Instagram/ zello.aralskk
Бұл сәт үйдің бейнебақылау камерасына түсіп қалған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Арал қаласында қыздың тұншығып жатқан інісін құтқарып қалған сәті бейнебақылауға түсіп қалған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zello.aralskk Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Аружан есімді қыз інісі Абзалдың мармеладқа қақалып, демі жетпей жатқанын байқаған. Алғашқы көмек көрсетіп, інісін өлім аузынан аман алып қалды. Бұл сәт үйдің бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Блогер Александр Цой өзінің Facebook парақшасында бұл оқиғаға байланысты пікірін бөлісті.

"Бақытымызға орай, оның манипуляциялары балаға көмектесті. Кәмпит тыныс алу жолынан түсіп, бала есін жиды. Баланың қасында әпкесі болғаны қандай жақсы болды. Ең бастысы, ол кейде тіпті ересектердің де қолынан келмейтін көмекті дер кезінде көрсете алды. Әпкесін бейне бір құтқарушы періште дерсің!" - деп жазды ол.

Новости партнеров