«Жігіті зорламақ болған»: Алматыда 15 жастағы қыз өзіне қол жұмсап қайтыс болды

«Жігіті зорламақ болған»: Алматыда 15 жастағы қыз өзіне қол жұмсап қайтыс болды
Қызға мектеп психологы да қысым көрсеткен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда зорлыққа ұшырай жаздаған 15 жастағы қыз көз жұмды. Ол өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды Stan.kz.

#НеМолчиKZ қозғалысының жетекшісі Дина Смайылова Facebook желісінде мәлімдегендей, 15 жастағы қыз 9 маусымда өзіне қол салған. Дәрігерлер оның өмірі үшін 3 күн бойы күресті. Өкінішке қарай, қыз 12 маусымда көз жұмған.

2018 жылдың 26 қыркүйегінде оқушы қыз 19 жастағы танысының туған күніне барған. Жігіт сол жерде оны жақындарымен таныстыратынын айтыпты.

«Ол менің қызымды өзінің туған екенін айтып, жақындарымен таныстырамын деп  үйіне шақырған.  Ал, шын мәнінде оны алдап, пәтерге алып барған. Ойында ештеңе жоқ қызым барған, алайда пәтерд басқа ешкім болмай, екеуі оңаша қалады. Сол сәтті пайдаланған ол қызымды шешіндіре бастаған. Қайта қызым қолынан келгенше қарсыласып, қашып шығыпты», – депті қыздың анасы 2018 жылы.

Сол жағдайдан кейін оқушы қыздың қандай күйде жүргеніне қарамастан, мектеп психологы оған қысым көрсетіпті.

«Бетпе-бет кездесу, көп кемсіту болды. Психолог тергеуші мен анасының көз алдында қызды кемсіткен. Қыз 15 жаста, ал жігіт 19-да. Психолог одан «Сен не ойладың?»  дейді. Қыздың ойында ешқандай жаман ой болмауы да мүмкін ғой. Жігіт зорлауды жоспарлаған шығар. Ондайда қыз не ойлауы мүмкін? Өзін зорлағысы келетінін түсінбеді ме? Әрине, жоқ. Тіпті, солай күдіктенген күннің өзінде, төбелесе алатынына, өз күшіне сенді. Сол оқиғадан кейін қыз шашын қиып тастады», – дейді Дина Смайылова.

Новости партнеров