|
13.11.2019 | 10:40
1857

Қарағандыда 9-қабаттан құлап өлмекші болған қызды құтқарған полицейлерге 500 мың теңгеден берілді

Бойжеткен отбасындағы жанжалдың кесірінен өзіне қол салмақ болған

Қарағандыда 9-қабаттан құлап өлмекші болған қызды құтқарған полицейлерге 500 мың теңгеден берілді

Қарағандыда 9-қабаттан секірмек болған қызды құтқарған полицейлерге 500 мың теңгеден табысталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық ПД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сіздердің жасаған әрекеттеріңіз тек Қарағанды қаласының емес, бүкіл мемлекет тұрғындарының ерекше назары мен алғысына лайықты. Біз кәсіби қызметімізге байланысты күнделікті түрлі жағымсыз жағдайларды ұшыратып жатамыз. Алайда бұл ерлік, сондықтан сіздермен мақтануға құқылымыз.Сіздер санаулы секундтардың ішінде жалғыз дұрыс шешімді қабылдап, қыздың өмірін құтқардыңыздар. Ерліктеріңіз үшін үлкен алғыс білдіремі!» - деді Ерлан Файзуллин.

Бекзат Омашев пен Ерасыл Мұраттың батылдықтарының арқасында адам өмірі құтқарылды. Полицейлер қызметтік борышын атқару барысындағы және адам өмірін құтқарудағы ерлігі, батылдығы үшін үкімет сыйлығына ұсынылды.

Еске сала кетсек, Қарағандыда полицейлер биіктен секіріп кетпек болған қызды құтқарып қалған еді. Ол отбасындағы жанжал үшін суицид жасамақ болған. Полицейлер қызды құтқару үшін өз өмірін қатерге тікті.

Артынша ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев полицейлерді марапаттады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир