Атырау облысындағы Теңіз кен орнында мұнай төгілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, 12 қарашада мұнай резервуарлық паркі мен "Теңізшевройл" компаниясына тиесілі КТЛ газ өңдеу зауыты арасындағы жерасты желісінде мұнай төгілген. Төгілген мұнайдың көлемі шамамен 50 текше метр болады.
Бұл ақпаратты "Теңізшевройл" компаниясы растады.
"12 қарашада Теңіз кен орнында мұнайдың төгілгені анықталып, "Теңізшевройл" апаттық бригадасы оны оқшаулау үшін дереу әрекет етті. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының қауіпсіздік рәсімдері мен нормаларына сәйкес жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлық тиісті органға тиісті түрде хабарланды. ТШО-ның өндірістік қызметі штаттық режимде жалғасып жатыр", - деді компанияның баспасөз қызметі өкілдері.