Каирдегі өрттен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ - ҚР СІМ
МИА «Казинформ»
Каир теміржол вокзалында шыққан өрттен кем дегенде 28 адам мерт болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Сыртқы істер министрлігі Мысыр астанасы Каир теміржол вокзалында болған өртке қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Каирдегі жарылыс кезінде зардап шеккендер арасында Қазақстан Республикасының азаматтары жоқ», - деп хабарлады елдің басты сыртқы саяси ведомствосы.
Еске салайық, Каир теміржол вокзалында тепловоз стансадан бес шақырым қашықтықта белгісіз себептермен деподан шығып кетіп, екпінмен келіп платформаға соғылған және оның арты өртке ұласқан. Өрт көрші жолдардағы бірнеше құрамды шарпып өткен. Бастапқы мәлімет бойынша, Каир теміржол вокзалында шыққан өрттен кем дегенде 28 адам мерт болған. 50-ден астамы зардап шеккен, олардың көбі аса ауыр халде жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
12.11.2026 21:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
12.11.2026 08:15
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
12.11.2026 19:41
Кофенің пайдасы мен зияны: дәрігерлер нені ескертеді
13.11.2026 12:40
Алматыда 16-22 қараша аралығында ауа райы қандай болады
13.11.2026 08:13