Жетісу облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаментімен бірлесіп, Жетісу облысы Көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасарының заңсыз қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.
Тексерушілердің мәліметінше, шенеунік өзінің сенімді адамының делдалдығымен облыс аумағында жүк көлігінің кедергісіз жүріп-тұруы үшін кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алды деп күдікке ілінді. Ай сайынғы сыйақы сомасы 1 автокөліктен 50 000 теңгені құрады. Қазір күдікті азамат соттың шектеуімен қамауға алынды және сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды шешімі күшіне енгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
Оқи отырыңыз:LIVE: Ерболат Досаев Алмалы ауданы тұрғындарымен кездесіп жатыр