|
14.12.2020 | 14:28
4230

Маңғышлақ-Ақтөбе пойызындағы өрттің шығу себебі белгілі болды

Өрт салдарынан 5 адам, оның ішінде 1 бала түрлі дәрежедегі күйік алған

Маңғышлақ-Ақтөбе пойызындағы өрттің шығу себебі белгілі болды фото МЧС РК


Маңғышлақ-Ақтөбе пойызындағы жүк вагонының өртеніп кетуіне 5 литрлік газ баллоны себеп болған. Ол туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның сөзінше, аталған вагон Қазпоштаға тиесілі. Оқиға салдарынан 5 адам жарақат алған. Оның ішінде 1 баланы күйік шалған. Ал, жүк вагонында 10 жастағы баланың қайдан жүргені қазір анықталып жатыр. Жалпы 10 вагонда 190-нан астам жолаушы болған.

«Өрт 5 литрлік газ баллонының жарылуынан пайда болған. Бірден ескертіп айтамыз, жолаушылар пойызында, я болмаса жүк тасымалдау вагонында газ баллондарын алып жүруге тыйым салынған. Бұл ереже бұзушылыққа жатады... Пойыздың өрт шыққан вагоны толығымен жанып кетті. Өзге вагондарға өрт таралмау үшін жолаушылар пойызынан ажыратылып, қазір ол жерде арнайы зертхана жұмыс істеп жатыр», – деді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир