Атырау облысында өрімдей жас жігіт пен қыздың асылып өлген денесі табылды

Атырау облысында өрімдей жас жігіт пен қыздың асылып өлген денесі табылды
20 жастағы жігіт пен 18 жастағы қыздың өзіне қол жұмсауына қатысты істің тергеуі аяқталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырау облысында өрімдей жас жігіт пен қыз жазғы душ кабинасында асылып тұрған жерінен табылды.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Мой ГОРОД» порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Атырау облысында 20 жастағы жігіт пен 18 жастағы қыздың өзіне қол жұмсауына қатысты істің тергеуі аяқталды.

Биылғы жылдың тамыз айында жастардың өзіне қол жұмсауы бүкіл облысты қайран қалдырған еді. Бейбарыс аулындағы үйлердің біріндегі жаздық душ кабинасынан жігіт пен қыз асылып тұрған жерінен табылған.

Сол кезде полиция Қылмыстық кодекстің «Өзіне қол жұмсауға жеткізу» бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеуді бастап, тиісті сараптамаларды тағайындады.

Полицияның мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу нәтижесінде іс тоқтатылды. Оған іс барысында қылмыс құрамының болмауы себеп болған.

Новости партнеров