Балаларды көлікпен қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

fedpress.ru
fedpress.ru
Әртүрлі деңгейде жарақат алған ұлдар ауруханаға жеткізілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды облысында оқушыларды көлікпен қағып, оқиға орнынан ізін суытқан жүргізуші ұсталды деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

15 қазанда кешкі сағат 22:00 шамасында Бұқар Жырау ауданының Ғабиден Мұстафин кентіндегі полиция бөліміне көліктің балаларды қағып кеткені туралы арыз түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді.

Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында 11 және 13 жастағы оқушылардың велосипедке отырып, ауылдағы жолдың шетімен жүріп бара жатқаны белгілі болды. Аяқ астынан жолда қара түсті көлік пайда болған. Жүргізуші көліктің жылдамдығын бәсеңдетудің орнына оны арттырып, салдарынан велосипедтегі оқушыларды қаққан. Алайда ол балаларға көмек көрсетудің орнына оқиға орнынан ізін суытқан. Әртүрлі деңгейде жарақат алған ұлдар ауруханаға жеткізілді.

«Полицейлер балаларды қаққан жерден көлік шамының сынған әйнектерін алды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол – Қарағанды қаласының 38 жастағы тұрғыны. Ер адам көлікті тізгіндегенін мойындады», - деп жазылған хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 345-бабы («Жол қозғалысы ережелерін бұзу»), 347-бабы («Жол-көлік оқиғасы болған жерден кету») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Новости партнеров