Ет аламын деп алданып қалмаңыз

Сурет: elements.envato.com
Сурет: elements.envato.com
Алаяқтар тағы бір жаңа тәсіл қолдана бастады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қостанайда тартылған ет сатып алғысы келген әйел алаяқтарға тап болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Әйел бұл туралы полицияға хабарлаған. 21 қазан күні ол WhatsApp желісіндегі топқа хабарлама жазған. Онда ет сату туралы хабарландыру жарияланған. Топ әкімшісі әйелге тартылған ет таусылғанына байланысты тапсырысты орындай алмайтынын жеткізген.

 - Кейін әйелге бейтаныс нөмірден фаршты топта ұсынылғаннан да төмен бағаға сатып алуға болатыны туралы хабарлама келген. Әйел көрсетілген нөмірге 13 мың теңге ақша жіберген, бірақ өнімді алмаған, - делінген Қостанай облысы Полиция департаменті хабарламасында. 

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, қажетті тергеу әрекеттері жасалып жатыр.


Бұған дейін Facebook әлеуметтік желісінде қазақстандықтарға 90 миллион теңгеге дейін бар болғаны 2%-бен несие алу туралы ұсыныстар жиі түсе бастаған. Олар бұл ақшаға жылжымайтын мүлік сатып алуды немесе кәсіп ашуды ұсынады. Мұның бәрі - алаяқтардың ісі.

Оқи отырыңыз: Құжатсыз ақсақал: тірілердің тізімінен табылмаған қария зейнетақысын ала алмай жүр

Новости партнеров