Алматыда жекеменшік үйден шыққан өрт кезінде 59 жастағы әйел адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«15 қазанда сағат 22.22-де Алматының «101« пультіне Алатау ауданы Магаданская көшесіндегі жеке үйде өрт шыққаны туралы хабар түсті. Алғашқы өрт сөндірушілер келген уақытта үйдің шатыры өртеніп жатқан. 23.00-де 25 шаршы метрді шарпыған өрт сөндірілді. Өрт болған жерде 1960 жылғы үй иесі өлі табылды. Сондай-ақ, күйік шалған 1987 жылғы ұлы ауруханаға жеткізілді. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр»,- делінген хабарламада.
Өрт сөндіруге Алматы қалалық ТЖД жеке құрамының 17 қызметкері мен төрт арнайы техника жұмылдырылды. Полицейлер оқиға орнын қоршауға алды.