Индонезияда футбол матчынан кейін 127 адам қаза болған

twitter/ Mirror Football
twitter/ Mirror Football
Сенбіде Индонезия чемпионатының матчында "Арема" және "Парсебайя" командалары кездескен болатын
Жаңалықтармен бөлісіңіз

1 қазанда Маланг қаласындағы "Канджурухан" стадионында футбол матчынан кейін қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Сенбіде Индонезия чемпионатының матчында "Арема" және "Парсебайя" командалары кездескен болатын. Ойын екінші команданың пайдасына 3:2 есебімен аяқталған болатын

Финалдық ысқырықтан кейін "Ареманың" жанкүйерлері ашуланып, футбол алаңына қарай жүгірген. Тәртіп сақшылары көзден жас ағызатын газ шаша бастаған. 

Адамдар, оның ішінде трибунада отырғандары да қорқып, стадионнан кетпек болған. Салдарынан адамдар сығылысып қалған. Қайғылы оқиға салдарынан 127 адам қаза болған, оның ішінде әйелдер мен балалар да бар. 180-ге жуық адам ауруханаға жеткізілді.  

Лига басшылығы алдағы аптадағы бірнеше матч кейінге қалдырылғанын мәлімдеді. Сондай-ақ қайғылы оқиғаға байланысты тергеу жүргізіледі. 

Новости партнеров