|
03.04.2019 | 10:53
2422

Алматыда адам өлтіргені үшін іздеуде жүрген ер адам ұсталды

Ол қаладағы қонақүйлерде жасырынып келген

Алматыда адам өлтіргені үшін іздеуде жүрген ер адам ұсталды

Алматы қылмыстық полиция басқармасының қызметкерлері адам өлтірді деген күдікпен бірнеше ай бойы іздеуде болған ер адамды ұстады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қылмыс 2018 жылдың желтоқсанында жасалған. 28 жастағы Алматы тұрғыны жанжал кезінде қарсыласын атып өлтіріп, полиция қызметкерлері келгенге дейін қылмыс орнынан қашып кеткен.

Содан бері күдіктіні іздеу тоқтаған жоқ. Полицейлер оның достары мен туыстары тұратын барлық мекенжайды тексерді, бірақ ол ешқайсына келмеген. Бірнеше күн бұрын із кесушілерге ол Алматыдағы шағын және арзан қонақүйлердің бірінде жасырынып жатқаны туралы ақпарат түскен.


«Жедел қызметкерлер жас жігітті бөлмеде отырған жерінен ұстады. Ол күмән туғызбау үшін әлсін-әлсін тұрғылықты жерін өзгертіп, үш айдан астам уақыт бойы осындай қонақүйлерде жасырынып келгені анықталды», - делінген хабарламада.


Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, тергеу шараларына қатысып жатыр.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир