2 мамырда FlyArystan әуекомпаниясы Алматы - Қарағанды - Алматы бағыты бойынша тұрақты рейсті бастайды. Билет бағасы 6 000 теңгеден басталады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі «FlyArystan» бюджеттік әуе компаниясының инстаграмдағы парақшасына сілтеме жасап.
Таратылған ақпаратқа қарағанда, Алматыдан Қарағандыға бір бағыттағы билет құны 5 999 теңгеден басталатындығы айтылған. Сонымен қатар, бұл сомаға қосымша сервистік алымдар қосылуы мүмкін екендігі ескертілген.
Әуекомпания Алматыдан Қарағандыға бір сағат, 30 минутта жеткізеді. Билеттер компанияның сайтында сатылып жатыр. Бұл үшін 180 орны бар реактив Airbus A320 әуелайнерлері қолданылады.
«Қарағанды - әуе хабарлама жоғары сұранысқа ие Қазақстандағы төртінші қала. Енді оңтүстік астанадан Қазақстан орталығына жету қол жетімдірек әрі ыңғайлырақ болады. Отандастарымыз қазақстандық алғашқы лоукостер FlyArystan-ды дұрыс бағалайды деген үміттеміз», - деді сатылым және маркетинг директоры Жанар Жайлауова.
Fly Arystan компаниясы ұшақтарында жолаушылар өздерімен 5 келіге дейін ғана жүкті тегін алып жүре алады. Егер қол жүгіңіздің салмағы 10 келіге жете қабыл болса онда ұшу ұзақтығына байланысты 2500-3000 теңге төлеуіңізге тура келеді. Ал қол жүгіңізден бөлек затыңыздың салмағы 15 келі болса 3 500 теңге, 20 келіге 4 000 теңге, 60 келіге 12 мың теңге төлейсіз. Ұшу уақытыңыз 2,5 сағаттан асып кетсе, онда аталған салмақтағы жүгіңізге төлейтін 1 мың теңгеге қымбатқа түседі.
Бұған дейін FlyArystan Нұр-Сұлтаннан Алматыға 7000 теңгеге рейстер ашқаны хабарланған еді. Бұл рейс 1 мамырдан бастап ұшады. FlyArystan әуекомпаниясы Алматыдан Таразға және Оралға ұшатын рейстерді ашқан болатын.