|
21.12.2019 | 10:56
11948

Ақтөбелік қалыңдығына ұсыныс жасады: оқиға трагедиямен аяқталды

22 жастағы Әсем үйдің жалғыз баласы болған. Өткен жылы психолог дипломын алған. Қылмыс жасаған жігітпен бір жарым жыл кездескен

Ақтөбелік қалыңдығына ұсыныс жасады: оқиға трагедиямен аяқталды nur.kz

Ақтөбеде тамыз айында өзінің қалыңдығын өлтірген жігіт сот алдына келді, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

22 жастағы Әсем үйдің жалғыз баласы болған. Өткен жылы психолог дипломын алған. Жігітімен бір жарым жыл кездескен. Ол жазда қызға ұсыныс жасап, ата-анасымен таныстырған. Әсемнің жақындары мұның бәрі трагедиямен аяқталатынын білмеген.

"Мен оның тиісті жаза алғанын қалаймын. Сот дұрыс шешім қабылдайтынына сенемін. Мені барша аналар естісе деймін. Балаларыңыздың кіммен араласатынын қараңыз, үйіңізге кіргізген адамға аса мұқият болыңыз", - деді қайтыс болған қыздың анасы Айгүл Бірімжанова.

Бір жарым тәуліктен кейін қыздың денесі жалға алынған пәтерден табылды. Бет-аузы көгеріп кеткен. Бір аптадан соң күдікті қолға түсті. Жігіт қыздың оған айтпай түсік жасатқаны үшін осындай қылмысқа барған деген болжам айтылады. Ол өзінің кінәсін толықтай мойындап отыр. Адам өлтіргені үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

"Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, өлім механикалық асфиксия, яғни тұншығу салдарынан болған. Бетінің сол жағы қатты жарақаттанған. Іс қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша қарастырылып отыр", - деді прокурор Нуұржан Аблақымов.

Sputnik.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир