|
02.03.2020 | 10:57
10584

Қазақстанда бір тоннадан астам мандаринді өртеді

ҚР АШМ мемлекеттік инспекторлары 1 210 кг қауіпті мандаринді тәркілеп, зиянды жемістер экополигон аумағында өртелді

Қазақстанда бір тоннадан астам мандаринді өртеді zakon.kz

Елордалық өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар фитосанитарлық бақылау барысында Грузия елінен "Комсток сымыры" зиянкесі жұқтырған мандариндердің ірі партиясын анықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Карантиндік зиянкестердің таралып кетпеуі үшін ҚР АШМ мемлекеттік инспекторлары 1 210 кг қауіпті мандаринді тәркілеп, зиянды жемістер экополигон аумағында өртелді. Бұл факті бойынша әкімшілік іс қозғалып, сот шешімімен өнім иесіне 53 025 теңге көлемінде айыппұл салынды, делінген ҚР АШМ баспасөз хабарламасында.

Айта кетсек, Комсток сымыры зиянкесі негізінен алмұрт, алма, анар, шабдалы, өрік, банан, інжір, жүзім, долана, катальпа, цитрустар, картоп, қарбыз, қауын, бұрыш және басқа да көкөністерді зақымдайды. Комсток сымыры таралған кезде өсімдіктердің жаппай қурауына алып келеді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир