Бішкек маңынан басынан оқ тиген қазақстандықтың мәйіті табылды

nur.kz
nur.kz
Қайтыс болған ер адам - 24 жастағы Қазақстан азаматы Атанұх Шерматов
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бішкек маңынан жас жігіттің денесі жатқан автокөлік табылған. ІІМ-нің баспасөз қызметі ер адамның самайына оқ тигені анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды КирТАГ агенттігі.

Оқиға Шу облысы Аламудун ауданының Қой-Таш елдімекенінде болған.

Қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау барысында тәртіп сақшылары жас жігіттің Қазақстан азаматы екенін анықтаған.

«Қайтыс болған ер адам - 24 жастағы Қазақстан азаматы Атанұх Шерматов. Ол Бішкектегі жоғарғы оқу орнында оқыған және сол қалада тұрған», - деп хабарлады полиция өкілдері.

Марқұм жігіттің қолында Макаров табаншасы болған. Ал самайына оқ тигенін тәртіп сақшылары оқиға орнында анықтаған. Сондай-ақ көліктің ішінен оқ пен гильзя табылған.

Қазақстандықтың достары марқұм оларға оқиға орнынана табылған қаруды бұрын көрсеткенін хабарлаған.

Полицияның алдын ала мәліметінше, тапанша 2005 жылдың наурыз айында болған жаппай тәртіпсіздік кезінде Жалалабат полиция бөлімінен жоғалған немесе ұрланған болуы мүмкін.



Новости партнеров