|
06.09.2022 | 10:59
1964

Қостанайдағы өрт: Ю. Ильин мәлімдеме жасады

Қостанай облысында 2 қыркүйектен бастап өртпен күрес жүріп жатыр

Қостанайдағы өрт: Ю. Ильин мәлімдеме жасады ult.kz

ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қостанай облысындағы өртпен күрес барысынан мәлімет берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Жел көтеріліп, өрт одан сайын өршіп кетті. Елдімекен тұрғындары эвакуацияланды. Дәл қазір ауылдарға қауіп жоқ. Тілсіз жаумен күресте жер және әуе қызметі қоса жұмыс істеп жатыр. Төрт бірдей тікұшақ іске қосылды», - деді Юрий Ильин тілшілердің сұрағына жауап бере тұрып.

Министрдің айтуынша, Қостанай облысындағы өртпен күресте бірнеше құзырлы мемлекеттік орган жұмыла жұмыс істеп жатыр.

«Өрттің аумағы бірнеше ондаған гектарды құрайды. Қарқынды жұмыстың арқасында тілсіз жаудың бетін қайтарамыз деген ойдамын. Аманқарағай елдімекені ерекше назарда, өрттің қайта тұтанбауын арнайы қызмет қадағалап отыр. Себебі желдің беті қайтпай тұр. Бүгін, ертең өртті толық сөндіреміз деп отырмыз. Одан әрі орман шаруашылығы комитетінің қызметкерлері жағдайды бақылайды», - дейді ол.

Еске салсақ, Қостанай облысында 2 қыркүйектен бастап өртпен күрес жүріп жатыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысында орман өртінен зардап шеккендермен кездескен еді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир