Өскемен-Алтай тас жолында 15 мамыр жүк көлігі аударылып, 4 адам қаза тапты. Оның екеуі – кәмелет жасқа толмаған балалар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Altaynews-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Жүк көлігі жолдан шығып кетіп, аударылған екен. Ізінше көлік өртке оранған. Оқиға орнынан 4 адамның жанып кеткен мәйіті табылды.
Полицияның ақпараты бойынша, 37 жастағы жүргізуші еңістк көліктің басқара алмай қалған.
«Автокөліктің жүргізушісі мен үш жолаушының жанып кеткен мәйіті табылды, екеуі – кәмелет жасқа толмаған балалар. Олар алған жарақаттардан оқиға орнында көз жұмған», – деп хабарлады баспасөз қызметі.
Бұл оқиғаға қатысты тергеу амалдары басталып, сараптамалар тағайындалды.
Ал әлеуметтік желі қолданушылары «жол апатында тұтас бір отбасы қаза тапты» деген жазба қалдырыпты.
Олардың айтуынша, балалардың біреуі 6 жаста , екіншісі әлі жасқа да толмаған.