25 мың теңге айыппұл: Әйелі түрмедегі күйеуіне телефонды мәнтіге тығып кіргізбек болған (видео)
Ал, әйел оны біреудің "аманаты" деп отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Түркістан облысында әйел адам түрмеге мантының ішіне ұялы телефон мен 4 гигабайттық флэшкарта салып, кіргізбекші болған. Қауіпсіздік қызметкерлері бақылау пунктінде электрондық байланыс құралдарын өткізбек болған әйелдің іс-әрекетін бірден әшкерелеген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Қауіпсіздік қызметкерлерінің айтуынша, әйел адам түрмеде отырған күйеуімен ұзақ уақыттық көрісуге келген екен. Бірақ әйелдің айтуынша, оған белгісіз адамдар осы түрмеде отырған басқа адам үшін ыстық тағамды кіргізуді өтініпті. Осы әрекеті үшін азаматшаға 10 айлық есептік көрсеткіш, яғни 25 мың 250 теңге көлемінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі таңда бұл мәселе сотқа жіберілген.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
12.10.2026 12:54
Дәрігерлер күндіз қанша уақыт ұйықтау керек екенін айтты
11.10.2026 11:14
Қанттың зияны тағам түріне байланысты ма: диетологтар ескертуі
11.10.2026 17:43
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
12.10.2026 09:00
Кешкі асты сағат қаншада ішкен дұрыс
11.10.2026 16:59