|
23.01.2019 | 11:05
3077

ІІМ мектеп оқушылары соққыға жығылғаны түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді

ІІМ мектеп оқушылары соққыға жығылғаны түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді

Полицейлер мектеп оқушыларын ұрып-соққандарды анықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz  ҚР ІІМ ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаевқа сілтеме жасап.

«ІІМ видеохабарламаны қабылдап, оған қатысты мәліметтерді анықтауға қатысты шараларды қолданды. Бұл оқиға 18 қаңтарда Түркістанда болған. Бұзақылық жасағандардың барлығы анықталды», - деп хабарлады Садубаев.

Оның айтуынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі бойынша («Бұзақылық») сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

«Осы оқиғада зардап шеккендердің болуына байланысты ІІМ өкілдері жағдайдың мән-жайын анықтайды», - деді Сәдубаев.

21 қаңтарда әлеуметтік желілерде бір топ жігіттің өзінен кіші сыныптарда оқитындарды ұрып-соғып жатқандары түсірілген видео таралған еді. Видеода бұзақылар олардың үстіне шығып алып, секіріп, ұрып-соғады.

Кейінірек Түркістанда жедел баспасөз мәслихаты өткізіліп, Түркістан облыстық білім басқармасындағылар осы видеоға қатысты пікір білдірген болатын. Олардың сөзіне қарағанда, Түркістандағы үш мектептің -  № 31, № 18, № 11 тоғызыншы сынып оқушылары анықталған.  

«Кәмелетке толмағандарға қатысты тергеу жүріп жатыр. Сондай-ақ, ата-аналарын, педагогтерді және мектеп инспекторларын жауапкершілікке тарту мәселесі қаралып жатыр. Бұл жағдай бақылауда», - деп хабарлады білім басқармасындағылар.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир