|
27.02.2019 | 18:20
8310

Алматы облысында жоғалып кеткен жігіт өлі табылды

Оның денесінде қинап өлтіру белгілері бар

Алматы облысында жоғалып кеткен жігіт өлі табылды almaty.tv

Алматы облысында бірнеше күннен бері із-түзсіз жоғалып кеткен 23 жастағы Вакил Мамедов өлі табылды, деп хабарлайды жергілікті жердің Полиция департаменті.

Полицияның хабарлауынша, жігітті өзі тұратын ауылдың маңынан тапқан. Оның денесінде қинап өлтіру белгілері бар.

Бұл қылмысқа қатысы бар күдікті ұсталды. Ол марқұмның ауылдасы болып шықты.

«Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша қамау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізілуде», – деді Полиция департаментіндегілер.

Еске салсақ, Вакил Мамедовтың жақындары 22 ақпан күні оған іздеу жариялаған болатын.  


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир