Маңғыстау облысында көл жағасынан 30 аққудың өлексесі табылды

Фото: Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы / Устюртский государственный природный заповедник
Фото: Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы / Устюртский государственный природный заповедник
Бұл туралы Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы хабарлады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Маңғыстау облысындағы Қаракөл жағалауынан 30 аққудың өлексесі табылды. Мамандар себебін анықтап жатыр. Бұл туралы Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

21 желтоқсанда күзет жұмыстарын жүргізу кезінде көл жағасынан Қарақия-Қаракөл табиғи резерватының инспекторлары өлген 30 аққуды тапқаны хабарланды. Олар бұл туралы Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына хабарлаған.

Құстардың өлу себебін анықтау үшін өлекселерден сынама алынды. Сонымен қатар инспекторлар табиғатты қорғау органдарымен бірлесіп, қорықтағы басқа құстарды бақылау жұмыстарын жүргізіп жатқаны хабарланды.

"26 желтоқсандағы жағдай бойынша "Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС вирус экологиясы зертханасының аға ғылыми қызметкері Ермұхаммет Қасымбеков (Алматыда орналасқан – еск.) өлкеден алынған сынамаларды зерттеу бойынша тиісті зертханалық жұмыстарды жүргізіп жатыр", - деп хабарлады қорықтан.

Новости партнеров