ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі абоненттердің бағаны көтеру туралы өтініштерін қарау аясында 2023 жылы тарифтік жоспарлардың шарттары мен ұялы байланыс қызметтеріне бағаның өзгеру динамикасын талдады. 2023 жылы ұялы байланыс операторлары тарифтік жоспар бойынша бағаны 7,7% - 57,3% дейін өсіргені анықталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ведомстваның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осылайша 2023 жылдың мамыр-шілде айлары аралығында ұялы байланыс операторлары өздерінің ресми сайттарында ақпаратты жариялап, ай сайынғы абоненттік төлеммен 30-дан астам тарифтік жоспарда көрсетілетін қызметтердің құнын бірінен соң бірі көтерген.
Осыған байланысты Кәсіпкерлік кодекстің 199-бабының 3-тармағын ескере отырып, бір күнтізбелік жылда бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттердің белгілерін қайта анықталуына байланысты Агенттік Кәсіпкерлік кодекстің 170-бабы бойынша қазіргі уақытта «Кселл» АҚ, «МТ–С» ЖШС (Tele2/Altel) және «Кар-Тел» ЖШС (Beeline) ұялы операторларына қатысты тергеп-тексеруді бастады.
Бұдан басқа бұған дейін Агенттік ұялы байланыс операторларының бір минуттық сөйлесулердегі қоңыраулардың құнын және тарифтік жоспарлардағы бір SMS-ті белгілеу жөніндегі әрекеттерінде (көрсетілген қызметтердің бір бірлікке тарифтелуі көзделген) бәсекелестікке қарсы келісілген іс-қимылдардың белгілерін (Кәсіпкерлік кодекстің 170-бабы) анықтаған болатын. Осыған байланысты ұялы байланыс операторларына бағаны негізді төмендету жолымен анықталған белгілердің тоқтатылғаны туралы хабарлама жіберілді.
Ұялы операторлар хабарламаны белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда, Агенттік тергеп-тексеру жүргізу туралы да шешім шығарады.
Оқи отырыңыз: Биыл Алматы полициясы 1 тоннадан астам есірткі затын тәркіледі