Пәкістанда екі пойыз соқтығысып, 25 адам қайтыс болды
ҚазАқпарат
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы хабарланған жоқ
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Дүйсенбі күні Пәкістанның оңтүстігінде екі жолаушылар пойызының соқтығысуы салдарынан кемінде 25 адам көз жұмды. Бұл туралы жергілік полиция мен құтқару бригадасы мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Оқиға оңтүстік Синд провинциясының Готки қаласы маңында болған. Пойыздардың бірі рельстен шығып кетіп, кейіннен екінші жолаушылар пойызына соқтығысқан. Полиция өкілінің айтуынша, жергілікті тұрғындар, құтқарушылар мен полиция қаза тапқандар мен жарақат алған жолаушыларды жақын маңдағы ауруханаға жеткізуде. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы хабарланған жоқ.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
20.10.2026 08:10
Семсерлесушілеріміз Мароккодағы әлем Кубогында топ жарды
19.10.2026 08:40
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40