ШҚО полицейлері 5 тоннадан астам заңсыз ауланған балықты тәркіледі

ҚазАқпарат
ҚазАқпарат
Бүгінгі таңда заңсыз балық аулаудың 7 фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері 5 тоннадан астам заңсыз ауланған балықты тәркіледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полицейлерге Зайсан көлінің жағасында Тассай ауылының тұрғындары заңсыз балық аулаумен айналысатындығы туралы хабар келіп түсті.

Тәртіп сақшылары «Қарақас» учаскесінде 34 жастағы ер адамды ұстады. Тексеру барысында оның «ВАЗ» автокөлігінен балық аулайтын құралдар және 150 келіден астам заңсыз ауланған шортан, көксерке, табан балықтары тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігіне (балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру) сәйкес тергеу басталды.

«Жыл басынан бері полиция қызметкерлері мемлекеттік органдармен бірлесіп табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 237 фактісін анықтады. Соның нәтижесінде, 5 тоннадан астам балық тәркіленген»,– деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Бүгінгі таңда заңсыз балық аулаудың 7 фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 230-дан астам балықшы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Мемлекетке келтірілген жалпы шығын мөлшері 14 млн теңгеден асып отыр.

Новости партнеров