Павлодар облысында жолаушылар автобусы өртенді
ҚазАқпарат
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Павлодар облысында жолаушылар толы автобус өртенді. Оқиға орнында Павлодар қаласы ТЖБ және өрт зертханасы жұмыс істеуде, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодар – Ленин кенті тас жолында № 38 маркалы МАЗ автобусынан өрт шыққан.
«Көлік № 1 автобус паркіне тиесілі. Жалын 15 шаршы метр алаңды қамтыған. Өрт туралы хабарлама сағат 08.49-да тіркеліп, сағат 09.07-де толықтай сөндірілді»,– дейді ведомствода.
Көлікте болған 40 адам өздігінен сыртқа шыққан. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жаудың шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда. Өртті сөндіруге АҚЖ және өрт сөндіру қызметінен екі техника мен тоғыз адам жұмылдырылды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
20.09.2026 09:04
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.09.2026 16:47
Күзгі шай: денсаулық пен көңіл күйді көтеру жолы
20.09.2026 16:00
19 қыркүйекке арналған валюта бағамы
19.09.2026 08:18