Қарағандыда жолаушыға таласа жарысқан үш автобус соқтығысты
Салдарынан 11 жолаушы түрлі жарақат алды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қарағандыда жолаушыға таласа жарысқан үш автобус бір-біріне соқтығыстып, салдарынан 11 жолаушы түрлі жарақат алды, деп хабарлайды ktk.kz.
Телеарнаның мәліметінше, ықшамаудандар арасындағы жолда екі автобус қатарласа жүйткіген. Жоғары жылдамдықпен келе жатқанда оң жолақтағы қоғамдық көлік сол қапталындағы автобустың алдын ораған. Ал екінші тежегішін басқанша оның алдыңғы есік тұсын іліп кетіп, тұмсығын жұлып алған.
Осы арада оларды артта келе жатқан үшінші автобус соққан. Соққыдан кейін автобустар қарсы бағытқа шығып барып бір-ақ тоқтаған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
12.11.2026 21:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
12.11.2026 08:15
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
12.11.2026 19:41
Кофенің пайдасы мен зияны: дәрігерлер нені ескертеді
13.11.2026 12:40