Апатқа ұшыраған украиналық лайнердің жолаушылары түгел қаза тапты

Апатқа ұшыраған украиналық лайнердің жолаушылары түгел қаза тапты
Ұшақ бөлшектері жанып жатқандықтан, жедел жәрдем бригадалары зардап шеккендерге жақындай алмаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін таңертең Иран астанасы Тегеранда Украиналық Боинг-737 халықаралық әуе рейсі апатқа ұшырап, борттағы 167 адамның барлығы қаза тапты. Опат  болғандар туралы соңғы ақпарды Иран елінің құтқару қызметінің басшысы Прихосейн Куливанд мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Киевке бет алған жолаушылар ұшағы Тегеран маңындағы Имам Хомейни халықаралық әуежайынан ұшқаннан кейін 2 минут өткен соң төменге құлаған. Ал, радарда әуе кемесінің орналасуы туралы соңғы ақпарат сағат 2:44-те тіркеліпті. Қазіргі уақытта апаттың ықтимал себебі - техникалық ақаулық деп болжанып отыр. Дегенмен, кейбір дереккөздерде Украинаға беттеген әуе рейсін Ирандық ракета кездейсоқ соғуы мүмкін деген ақпараттар да жүр. Ал, әлеуметтік желілерге жарияланған видеода ұшақтың құлап келіп, жарылған сәті жазылған. Олардың айтуынша, әуедегі жарқын нүкте - дәл осы «Боинг» ұшағы екен. IRNA ақпарат агенттігінің мәліметтері бойынша, оқиға орнында құтқару командалары жұмыс жасап жатыр. Айта кетейін, апатқа ұшыраған аталмыш әуе кемесі Украина еліне тиесілі.

Новости партнеров