ШҚО-да жұмысшы кәріз құдығында уланып қаза тапты
«Зайсан» коммуналдық кәсіпорнының 45 жастағы қызметкері оқиға орнында қаза тапты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласында слесарь кәріз құдығында қаза тапты, деп хабарлайды Yk-news.kz.
12 маусымда кәріз құдығын тазалау жұмыстары кезінде «Зайсан» коммуналдық көпсалалы мемлекеттік кәсіпорнының 3 қызметкері метаннан уланған. Төтенше жағдай және өрт бөлімінің құтқарушылары уланғандарды құдықтан шығарып алды. Жұмысшылар қауіпсіздік техникасының нормаларын бұзған.
«Зардап шеккендердің бірі – 1974 жылы туған ер адам оқиға орнында қаза тапты. Одан бөлек, құтқарушылар құдықтан 38 жастағы жүргізушіні алып шықты, ол қазір ауруханада. Ал 32 жастағы тағы бір жұмысшы медициналық көмектен соң үйіне қайтарылды»,– деді ШҚО ТЖД баспасөз қызметіндегілер.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32
Егемендік декларациясы – тәуелсіздіктің алтын қазығы
22.10.2026 19:54