|
08.05.2019 | 11:34
1602

Ақылға сыймайды: полицейлер әке-шешесін азаптап өлтірген қаскөйді қолға түсірді

Молдовадағы Сынджерей қаласының тұрғыны полицияға хабарласып, інісінің ата-анасын өлтіремін деп сес көрсеткенін айтқан

Ақылға сыймайды: полицейлер әке-шешесін азаптап өлтірген қаскөйді қолға түсірді

Тәртіп сақшылары оқиға орнына келгенде 78 және 79 жастағы қариялардың жансыз денесі  табылды. Пышақ іздері мен бас сүйегінің зақымдануы олардың азаптап өлтірілгенін көрсеткен, деп хабарлайды sputniknews.kz.

«Күдікті оқиға орнынан қашып кетіпті. Алайда полицейлер оны қалалық саябақтан тапқан. Сол кезде күдікті қолына пышақ ұстап отырған», - деп хабарлайды Молдованың Сынджерей қаласы полициясы.  

Тәртіп сақшылары көзден жас шығаратын газ қолданып, қаскөйді қолға түсірді. Оның қалтасынан қомақты қаражат табылған. Ол шетелге жұмысқа кетуді жоспарлапты.

78 сағаттан соң, күдікті өз кінәсін мойындаған. Алайда қылмыс себебіне қатысты түсініктемесі бір-біріне қайшы келеді.

Полицейлер қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир