Алматы облысында мектеп оқушысын жүк көлігі басып кетті
Фото: ашық дереккөзден
Сотқа дейінгі сараптама тағайындалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы облысында 8 жасар оқушы иттен қорқып, жолға жүгіріп шыққан. Оны жүк көлігі басып кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Алматы облыстық полиция департаменті жол апатының 8 қазан 13:20-да Есік қаласында болғанын мәлімдеді.
«Isuzu» жүк көлігінің 35 жастағы жүргізушісі Малькеев көшесінің бойымен келе жатып, бүлдіршінді қағып кеткен. Тротуармен келе жатқан 8 жасар бала иттен қорқып қашып, жолға жүгіріп шыққан. Бала алған жарақаты салдарынан оқиға орнында қаза тапты. ҚР ҚК 345-бабы 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі сараптама тағайындалды»,– деді Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінен.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
13.10.2026 10:48
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
13.10.2026 08:13
Ең төменгі жалақы мен зейнетақы мөлшері екі есе өсті
12.10.2026 13:10
Қысқа видеолардың бала миына кері әсері бар ма
12.10.2026 13:51