|
30.09.2019 | 12:06
17706

Павлодарда ер адам 15 жастағы қызын зорлап тастаған

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

Павлодарда ер адам 15 жастағы қызын зорлап тастаған

Павлодарлық полицейлер 15 жастағы оқушы қызына сексуалды сипаттағы зорлық әрекет жасады деген күдікпен 35 жастағы жігітті ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«27 қыркүйекте сағат 23.00 шамасында қаланың шетінде 2004 жылғы кәмелетке толмаған қызына қатысты сексуалды сипаттағы зорлық әрекеттер жасаған 35 жастағы Ақсу қаласының тұрғынын ұстады», - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Кәмелетке толмаған оқушы емханаға түрлі жарақат белгілерімен жүгінген. Аталмыш факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды. Күдікті уақытша оқшаулағышқа қамалған.

«Бұрын 2008 жылы ұсталған ер адам осыған ұқсас қылмысы үшін сотты болған. Осы үшін 8 жыл бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеген болатын», - деп хабарлайды департаменттен.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир