|
20.07.2020 | 11:39
1377

Елімізде заңсыз айналымнан 65 мыңнан аcтам қорап дәрі тәркіленді

Дәрі-дәрмектің көп көлемі Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды және Атырау қалаларында алынды

Елімізде заңсыз айналымнан 65 мыңнан аcтам қорап дәрі тәркіленді  egemen.kz

Қазақстанда заңсыз айналымнан 65 мыңнан аcтам қорап дәрілік препарат, 500 мың медициналық маска мен 36 мың медициналық бұйым тәркіленді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа дәрі-дәрмекті заңсыз сатудың жолын кесу және карантин шараларын бұзу фактілері туралы баяндады. 

Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды заңсыз сатудың жолын кесу бойынша (5 шілдеден бастап) ішкі істер органдары заңсыз айналымнан 65 мыңнан аcтам қорап дәрілік препараттарды, жарты миллион медициналық маска мен 36 мың медициналық бұйымды тәркілеген. Олар қымбат бағада сатылған.

Дәрі-дәрмектің көп көлемі Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды және Атырау қалаларында алынды. 

Сондай-ақ ішкі істер органдары дәрілік заттарды заңсыз сатудың 348 фактісінің жолын кесті. Полицияға 284 адам жеткізілді, оның 138-сі медицина саласының қызметкерлері. 

Алынған медициналық препараттар аумақтық денсаулық сақтау органдарына беріледі. 

Кеңес қорытындысы бойынша, Президент ішкі істер органдары бұл бағыттағы жұмысты жалғастыратынын, ал, кінәлілер заңнамаға сәйкес жазаланатынын атап өтті. Бұл тапсырманың іске асырылуын бақылау ҚР Президенті Әкімшілігінің үйлестірумен Қауіпсіздік Кеңесінің Аппаратына жүктелді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир