Қостанай облысында бойжеткенді трактор басып өлтірді
zen.yandex.ru
«К-700» тракторы 24 жастағы қызды басып кеткен
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қостанай облысында «К-700» тракторы жаяу жүргіншіні басып өлтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға Сарыкөл ауданының Сарыкөл ауылында болған. Куәгерлердің айтуынша, жаяу жүргінші құлаққап киген.
«К-700» тракторы 24 жастағы қызды басып кеткен. 54 жастағы трактор жүргізушісі жол үстінде келе жатқан қызды көрмей қалған. Жәбірленуші ауыр дене жарақаты салдарынан оқиға орнында көз жұмды», – делінген полицияның ақпаратында. Осы дерек бойынша полиция ҚР ҚК 345-бабымен қылмыстық іс қозғады. Тергеу шаралары жүріп жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33