37 жылқыны пойыз басып кетті
polisia.kz
Көлік полицейлері жылқылардың иесін тапты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Көкшетау станциясының темір жол бойында 37 жылқыны пойыз басып кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға 7 наурыз күні таңғы сағат 5-тер шамасында болған. Көкшетау станциясындағы Желілік полиция бөліміне ол туралы хабар сол кезде жетіпті.
«Қарағай–Уголки» жол аралығында жүк пойызының машинисі тежегішті барынша қолданып көргенімен, өз жылдамдығымен келе жатқан пойыз уақытында тоқтай алмаса керек. Көлік полицейлері жылқылардың иесін тапты. Ол – Ақмола облысының 43 жастағы тұрғыны екен.
Енді ол азамат ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 559-бабы, 1-бөлігіне сәйкес, яғни, темiржол үшін арнайы бөлінген жолақта мал жаю қағидаларын сақтамағандықтан әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
25.10.2026 08:20
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
25.10.2026 10:30
Күзде қандай аурулар жиі асқынады
24.10.2026 16:47
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
24.10.2026 15:37