Жамбыл облысында зорлыққа ұшыраған қызды өгей әкесі ішімдік үшін сатып жіберген

stan.kz
stan.kz
Жаңалықтармен бөлісіңіз

27 жастағы Ақтолқын Рүстемова бүгінде Жамбыл облысының Нұрлыкент ауылында тұрады. Сіңлісі Мөлдірдің айтуынша, ол шаруа қожалығында жұмысқа жегілген. Осы уақытқа дейін еңбегі үшін ешқандай ақы алмаған. Қысқасын айтқанда, шаруа қожалығының иесі оны құлдықта ұстап келген, деп жазады Stan.kz.

Жоғары сыныпта оқып жүрген кезінде Ақтолқынды көрші жігіттердің бірі зорлаған. Алайда жігіт те, оның ата-анасы да болған оқиғаны мойындамаған. Ақырында жүкті болып қалған қыздан ата-анасы мен туған-туыстары бас тартқан. Кеш мерзімде түсік жасатқан соң, отбасы мүшелері Ақтолқынды үйінен қуып шыққан.

Қоғамнан аластатылған соң, Ақтолқын біраз уақыт көшеде тұрып келген. Күндердің күнінде бұзақылар оған ішімдік беріп, тағы да зорлыққа ұшыраған. Бұдан кейін Ақтолқын бір малшымен бірге бірнеше жыл тұрған. Кейін анасы мен өгей әкесі оны жергілікті фермерлерге ішімдік үшін сатып жіберген.

Сіңлісі Мөлдірдің айтуынша, өгей әкесі Ақтолқынды шаруа қожалығының иелеріне беріп келген. Олар өз кезегінде қызды жұмысқа жегіп, ақша төлемеген.

«Мені Зейнеп малай қылып ұстап отыр. Мен оның айтқанын істеймін, өзі қалада жатады. Шешемнің үйіне жібермейді. Бордақыға су тасимын, өзім еркек сияқтымын», – дейді Жамбыл облысының Нұрлыкент ауылында тұратын Ақтолқын.

Бүгінде 27 жасқа келген Ақтолқын жазу-сызуды білмейді. Кітап бетін ашпағанына 10 жылдан аса уақыт болған. Талай мәрте құлдықтан қашуға қамданғанымен, онысынан түк шықпапты. Қожалық иесі оны артынан іздеп барып, тауып алады екен. Ол аздай, көк ала қойдай сабап, соққыға алатын көрінеді.

Алайда Ақтолқын Рүстемованы құлдықта ұстады делінген фермер өз кінәсін мойындамай отыр.

«Ай сайын ақша төлеп отырдым деп өтірік айтпаймын. Бірақ тамағы бар, қолында телефоны бар. Оның бәрі қайдан келген деп ойлайсыз?» – деген Зейнеп Айманова Ақтолқынға қосымша екі қой мен екі ешкі бергенін айтады.

Іс мұнымен біткен жоқ. Осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 126-бабы 1-бөлімі «Адамды бостандығынан заңсыз айыру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Новости партнеров