|
07.03.2019 | 11:44
3795

Павлодарда тұрғын үйдегі жарылыстың мән-жайы белгілі болды

Павлодарлық полицейлер тұрғын үйдегі жарылысты тергеу нәтижелерін жариялады

Павлодарда тұрғын үйдегі жарылыстың мән-жайы белгілі болды tengrinews.kz

Павлодарда бес қабатты үйдегі жарылыстың мән-жайы белгілі болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Павлодарлық полицейлер тұрғын үйдегі жарылысты тергеу нәтижелерін жариялады. Қайғылы оқиғаның салдарынан аман қалған ер адам болған жағдайды мәлімдеп, оқиға куәгері болды.

«Куәгердің айтуынша, ол Суворов көшесіндегі қоқыс контейнерінен пакетте алты зауыттық оқ-дәріні тауып алып, оны сату мақсатында танысына алып келген. 6 наурызда сағат 14.40-та таныстың пәтерінде отырып, олар оқ-дәрінің бір қаптамасын ашып, бір бөлігін табуретке төгіп, тексеру үшін өртеп көрген. Нәтижесінде өрт шыққан», - деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция өкілдерінің айтуынша, оқ-дәрі жарылған пәтер иесі иіс тиіп көз жұмған.  

Еске салайық, жарылыс Мүткенов көшесіндегі № 53 үйдегі пәтерлердің бірінде болған. Нәтижесінде бір адам қаза тауып, үшеуі зардап шекті. Өрт сөндірушілер мен ТЖД қызметкерлерінің мамандары үйден 60 адам, оның ішінде 15 баланы эвакуацияланды.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир