Атырауда көлік мұзға құлап, бір адам қаза тапты

Сгенерировано ИИ
Сгенерировано ИИ

Бір адам облыстық ауруханаға жеткізілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырауда жеңіл көлік суға батып кетті. Оқиға қала іргесіндегі Курилкино ауылының тұсында болған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Апат кезінде автомобиль ішінде 2 адам қалыпты. Оның біреуі 32 жастағы азамат оқиға орнында көз жұмған. Денесін тек 45 минуттан кейін алып шықты. Ал 2006 жылы туған жасөспірім өз күшімен жағаға шығып үлгерген. Аман қалған азамат қазір облыстық ауруханада. Аталған істің мән-жайы әлі де анықталатын болады.

– Куәгерлер мен ағайындарының айтуы бойынша жүргізуші көршісімен балық аулауға мұз үстіне көлікпен шыққан. Сөйтіп жылымға түсіп кеткен. Бұл жер жылда қатпайды. Сондықтан тұрғындарды сақтануға шақырамыз! – деді облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Бақыт Абланов.

Оқи отырыңыз: Қоғамдық көлікті мас күйде басқарған 10 жүргізуші анықталды

 

Новости партнеров