Түнде Алматыда жаппай төбелес болды
Оның видеосы желіде жарияланды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Бір топ жас түнде Алматының қақ ортасында төбелесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оқыс оқиға Желтоқсан көшесіндегі караоке-бардың жанында болған. Оның видеосы желіде жарияланды. Алматы қаласының полиция департаменті видео әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде табылғанын мәлімдеді.
Ол туралы бұрын ешкім полицияға жүгінбеген, «102» пультіне ресми шағымда келіп түспеген.
«Видео табылған соң Бостандық ауданының полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы («Бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Оқиғаның мән-жайы, оған қатысқандар анықталды, фигуранттардың әрекетіне тиісті құқықтық баға беріледі, одан әрі ҚР заңнамасына сәйкес шара қолданылады», - деді полициядан.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
22.09.2026 08:00
Қайтыс болған адамның несиесін туыстары өтеуге міндетті ме
21.09.2026 21:29
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
22.09.2026 13:00
Санжар Әділов Азиадада аралас жекпе-жектен қола алды
21.09.2026 09:45