ШҚО-да карантин режимін бұзғандар анықталды

baq.kz
baq.kz
Аягөз аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қаладағы мейрамханада ұлан-асыр той жасап жатқандардың үстінен түсті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ШҚО полицейлері карантин талаптарын бұзып, үйлену тойлары мен басқа да отбасылық іс-шараларды ұйымдастырып жүргендерді әшкерелеу мақсатында рейдке шығып жүр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, осындай рейдтердің бірінде тамыздың соңғы демалыс күндері Аягөз аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қаладағы мейрамханада ұлан-асыр той жасап жатқандардың үстінен түсті. Шақырылған қонақтар тойханаға "артқы есіктен" кіргізіліп, көліктер мейрамхананың арты мен көрші аулаларға қойылған.

Осыған ұқсас жағдай Бесқарағай ауданында да тіркелді. Онда жергілікті тұрғын бәйге ұйымдастырып, осылайша, Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 08.16.2020 жылғы №21 қаулысын бұзған.

«Карантин режимін бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін барлық факті мен материалдар Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментіне жіберілді», – деді ШҚО Полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев.

Новости партнеров