Павлодар мектебіндегі өрттен 15 жастағы оқушы зардап шекті

nstagram.com/tipavo.dar
nstagram.com/tipavo.dar
Жедел жәрдем оқушы қызды ауруханаға жеткізді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодарда мектепте өрт шығып, 15 жастағы оқушы зардап шекті. Төтенше жағдайдан кейін қыз басы қатты аурғанына шағымданған. Жедел жәрдем оқушы қызды ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"21 сәуірде сағат 19.28-де Павлодар қаласындағы облыстық балалар ауруханасына 2007 жылы туған 8 "Б" сынып оқушысы жүгінді. Өрт кезінде ол сабақта болған. Эвакуациядан кейін үйіне қайтқан, ал кешке жағдайы нашарлаған", - деді облыстық Білім басқармасы өкілдері.

Мұғалімдердің айтуынша, зардап шегуші көмірқышқыл газына уланып қалуы мүмкін.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, қыз соматикалық бөлімде жатыр.

"Бала инфузион терапия алып жатыр. Жағдайы тұрақты", - деді ведомство өкілдері.

Бұған дейін 47 жастағы физика пәнінің мұғалімі өрттен зардап шеккені хабарланған болатын. Көмірқышқыл газынан уланған әйел ауруханаға жеткізілген.

Новости партнеров