Қарағанды облысында бюджет қаражатын жымқырған 3 бухгалтер сотталды

Фото : zakon.kz
Фото : zakon.kz
Мемлекетке келтірілген залал көлемі 11.1 млн теңгені кұрады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ағымдағы жылдың басынан бастап ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті сотқа жолдаған қылмыстық істер негізінде Бұхар-Жырау ауданы сотының үкімімен сеніп тапсырылған бюджет қаражатын жеке карта шоттарына аудару арқылы жымқырып, жеке мақсаттарына пайдаланған аудандық мемлекеттік мекемелердің 3 бухгалтері сотталды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекетке келтірілген залал көлемі 11.1 млн теңгені кұрады.

2 кінәлі тұлғаға қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын өтеу тағайындалып, 1 кінәлі тұлға жәбірленушімен татуласып, келтірген 3.3 млн теңге көлеміндегі залалды толық өтегені үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылды.

Новости партнеров