Армения вице-спикері блогердің мұрнын басымен ұрды

Фото: ©Sputnik
Фото: ©Sputnik
"Мой шаг" блогының жетекшісі Симонян мен Даниелянның арасындағы төбелес туралы ақпарат тарады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Армения парламентінің вице-спикері Ален Симонян оппозия блогері Артур Даниелянмен қалай төбелескенін айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

29 сәуірде желіде парламентте "Мой шаг" блогының жетекшісі Симонян мен Даниелянның арасындағы төбелес туралы ақпарат тарады. Интернеттегі видеокадрлардан екеуінің де дәрігерге жүгінгенін көруге болады.

Кейін вице-спикер Facebook желісенде видеоүндеу жариялады. Сонда ол блогерді Ереван көшесінде кездестіргенін және онымен амандасқанын айтты. Блогер оған жауап ретінде анасының ар-намысына тиетін дөрекі сөз қайтарған.

"Содан соң мен Даниелянның қасына келіп, ол туралы мұндай ойым жоқ екенін айттым да, басыммен мұрнынан бір соқтым", - деді Симонян.

Вице-спикердің айтуынша, сол кезде оған үш адам болып жабылған және кішігірім төбелес болған.

"Былай жауап бергеніме өкінемін, бірақ ар-намысыма тиетін сөздерді естімегендей сыңай таныта алмадым... Ешқандай проблема көріп тұрғаным жоқ және жауап беруге дайынмын", - деді вице-спикер.

Құқыққорғаушы, Арменияның бұрынғы әділет министрі Рубен Меликян видео жекеменшік камераға түсіп қалғанын және оны полиция алғанын хабарлады. Ол қоғамдық резонанс пайда болғанын көріп, жазбаны халыққа көрсетуді талап етті.

Даниелян - "Адеквад" оппозиялық партиясы басшысы.

Новости партнеров