|
Jol
14.05.2020 | 11:57
8767

Павлодар облысындағы қақтығыс: полицейлер оқ атты

Бұл оқиға Павлодар облысы Береке ауылының маңында болған

Павлодар облысындағы қақтығыс: полицейлер оқ атты стоп-кадр

Полиция қызметкерлері жергілікті кәсіпорындардан күл қалдығын жинайтын қарауылдармен қақтығыс кезінде оқ атты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл оқиға Павлодар облысы Береке ауылының маңында болған. Мұны видеоға куәгерлер түсіріп алған. Видео кадрларынан бір топ ер адамды, полиция қызметкерлерін және жедел әрекет ету жасағының қызметкерлері көрінеді.

Полиция департаментінің мәліметінше, бұл қақтығысқа себеп – жергілікті кәсіпорындардан күл-қоқыс қалдықтары заңсыз алынып келген. Бұл әрекетке Береке ауылының шамамен 30 тұрғыны қатысқан.  

«ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу шаралары жүріп жатыр», – деді өңірлік полицейлер.

Сондай-ақ, ведомство өкілдері атысты полицейлердің бастағанын растады.  Олардың айтуынша, жергілікті тұрғындарды тыныштандырып, жағдайды ушықтырмау үшін ауаға оқ атылған. Осыдан кейін жағдай тұрақтанды дейді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир