Алматыда жол апаты салдарынан екі адам зардап шекті (ФОТО)
Жол-көлік оқиғасы Райымбек даңғылының бойында болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда автокөлік ағаш пен темір бағанаға соқтығысты, деп жазады tengrinews.kz.
Жол-көлік оқиғасы Райымбек даңғылының бойында болған. Жүргізушінің айтуынша, ол батыс бағытта кетіп бара жатып, бұрылысқа келгенде тізгінге ие бола алмай қалған. Соның салдарынан жол жиегіндегі бордюрге шығып кетіп, ағаш пен бағанаға соғысқан.
Жол апатынан екі адам зардап шекті, оларды әр түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізді.
Қалалық полиция өкілдері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
13.10.2026 10:48
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
13.10.2026 08:13
Ең төменгі жалақы мен зейнетақы мөлшері екі есе өсті
12.10.2026 13:10
Қысқа видеолардың бала миына кері әсері бар ма
12.10.2026 13:51