Ит үшін шыққан ерегес. Петропавлда итін тұмсық торсыз серуендеуге шығарған иесін тәртіпке салу үшін арнайы операция жасалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Даудың басы қала тұрғынның бірі 39 жастағы ер адам өзінің питбулын бұлай еркін сыртқа шығаруы қауіпті екеніне ескерту жасағанынан басталған. 102 пультіне келіп түскен қоңырауда иттің қауып алғандығы мен шағым айтқаны үшін ит иесінің қарақұстан пышақ тығып алғаны хабарланған. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі жетіп, жараланған азамат ауруханаға жеткізілген. Ал ит иесінің әрекетін анықтау үшін тергеу-шұғыл тобы жеткенімен, ер адам пәтерінен шықпай, байбалам салған. Есікті ашпайтынын ескертіп, үйді жарып жіберетінін айтқан.
Тұрғын үй кешенінің аумағына дереу облыс басшылығы, қалалық полиция, облыстық және қалалық прокуратура және төтеншеліктер жеткен. Үй толығымен газдан және электр қуатынан ажыратылды. Соңында, құзырлылар, ешкімге бой бермеген ер адамның пәтерінің терезесін сындырып, ішке кірулеріне тура келген. Қазір «бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.